Қазақстандағы кейбір жекеменшік мектептер оқушылар санын жасанды түрде арттырып, сол арқылы мемлекеттен артық қаржы алған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның Үкіметтің 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебінің қорытындысында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.