Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары цифрландырудың әлемдік еңбек нарығына әсерін бағалады. Халықаралық ұйымның сарапшылары 2027 жылға дейінгі жұмыспен қамтудың болашағы туралы есебінде бес жылдан кейін жұмыс орындарының 23%-ы өзгеретінін жазады. ДЭФ мамандары мұндай қорытындыға 45 елден, соның ішінде Қазақстан да бар, 800-ден астам жұмыс берушіге сауалнама жасап келіп отыр. Есеп авторларының басты назары — жалпы еңбек нарығының трансформациясы.