Бүгін Қазақстанда 4 проценттік автонесие бағдарламасының алғашқы қатысушысына жаңа көліктің кілті табысталды деп хабарлады turkystan.kz. Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша көлік мінген алғашқы қазақстандық – елордалық инженер Бекзат Тілеген. Ол 16 мамыр күні БанкЦентрКредит арқылы өтінім берген. Еске сала кетсек, жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау 16 мамырда басталған болатын. Өтінімді екінші деңгейлі үш банк қабылдап жатыр.