Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Екібастұз, Риддер, Рудный және басқа да бірқатар қалалардағы ірі коммуналдық апаттарды саладағы «жүйелі проблемалардың заңды нәтижесі» деп атады. Қазір жылу-электр станциялары мен электр желілерін ауқымды тексеру жұмыстары жүріп жатыр, олар осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы керек. Еліміздегі электр желілерінің тозуы 50 пайыздан асады. Бұл – орташа көрсеткіш. Ал кейбір өңірлерде тозу