Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде 5 жасар Азка үйінді астында қалып қойған. 45 сағат бойы қирандылар астында жатқан баланы құтқарушылар алып шықты. Тек аштықтан әлсірегені болмаса, өзі аман-есен. Оның туысы Салман Альфариси баланың жақсы екенін және жарақат алмағанын айтты. Апат салдарынан анасы мен әжесі қайтыс болды. Ал баланың үстіне құлаған матрас оның өмірін сақтап қалды. 21