Түркістан облысы Жетісай ауданында канал жағасы опырылып, облыстық маңызы бар жолдың бір бөлігіне қауіп төнді. Оқиға КХ-75 автожолының бойында болған. Кадрлардан жол жиегінің үлкен бөлігі құлап, көлік қозғалысына нақты қауіп пайда болғанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, канал беткейі бұрыннан босап тұрған, бірақ тиісті мекемелер уақытында шара қолданбаған. Соның салдарынан жолдың бір бөлігі жарамсыз күйге...