Жетісу облысында үш айлық сәбидің пышақталу оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды КТК арнасы. Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, қара жамылған отбасының бес баласы бар. Көпбалалы ана қайғылы оқиға орын алатын күні үш айлық бүлдіршінді алты жасар баласының қарауына қалдырған көрінеді. Сол уақытта әлі ес кірмеген бала туған қарындасына үш жерден пышақ сұққан. Ауыр жарақат