Жетісу облысының Панфилов ауданында 4 маусым күні жоғалып кеткен 15 жастағы оқушы қыз Ербосын Айзеренің денесі табылды. Кәмелетке толмаған баланың мәйіті 6 маусым күні Әулиеағаш ауылынан екі-үш шақырым жерде Бурақожыр өзенінің арнасынан зорлықпен өлімнің сыртқы белгілерінсіз табылды. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, жасөспірімнің өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді. Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке