Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.