Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңге. Жетісуда бір тоннадан астам заңсыз ауланған балығы бар фургон ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Сарқан ауданы Лепсі-Көкжиде автожолында тексеру үшін тоқтатылған Volkswagen Crafter автокөлігінен үш түрлі балықтан тұратын заңсыз жүк табылды. Көлікті облыстың 32 жастағы тұрғыны басқарған, ер адамда балық аулауға рұқсат қағазы болмаған. Салоннан 1167,6 келі қарақұйрық, көксерке