Жетісу облысында қатты селдің салдарынан келген шығынды есептей бастады. Ескелді ауданындағы бірнеше ауылдың үйлері су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев су басқан үйлерді аралап, тасқынның салдарын өз көзімен көрді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің үйі, көлігі мен үй жануарлары су астында қалып қойған. Тұрғындардың басым бөлігі несиеге баспана мен