Желмаясымен желіп жүрген Асан қайғы Жетісу өлкесіне келгенде желкесі кейін тартып, алға басқысы келмей қалды. Астындағы желмаясынан көрейін десе, онысы иесінен қолдау күткендей жан-жағына көбік шаша қарап, шабыс тілейтіндей. Асан қайғы түйесін тебінбей тым-тырыс тұрып қалуынының сырын ұға алмай, алдына күн салып қарады. Сағым арасынан бұлдыраңдап қарайған көрінді. Ол сол қарайғанның жақындағанын күтті. Келе жатқан […]