Жезқазған қаласында «КамАЗ» маркалы жүк көлігі көпірден құлап кетті. Салдарынан 64 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. Жол апаты Жезқазғанның мыс балқыту комбинатына барар жолда болған. Оқиға орнынан куәгерлер түсірген видео, фотолар жергілікті Telegram арналарының бірінде жарияланды. «20 шілдесінде сағат 14.05 шамасында «КамАЗ» автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік құралымен көпірден ұшып …