Қазақстанда 350 мыңнан астам адам құмар ойынға тәуелді. Әрқайсының орташа қарызы 10 млн теңгеден асады. Талайдың санасын улаған, қалтасын қаққан құмар ойындарының ішінде букмекерлік кеңселерге байланғандардың қатары көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Психологтардың айтуынша, қазір жасөспірімдер оңай олжаға кенелемін деп сан соғып қалады. Бүгінде елде 350 мыңнан астам адам ойынқұмар дертіне шалдыққан екен.