Құрбымның баласы Түркияда оқиды. Каникулға елге келген. Оқитын университетінен анықтама әкеліп, тиісті базаға енгізген екен. Кеше достарымен кездесуге барып, үйіне қайту үшін такси күтіп тұрғанда біреулер көлікке күшпен мінгізіп, военкоматқа алып кетіпті. Әй-шай жоқ, ескерту жоқ,студентпін дегеніне қарамай көлікке малша тиеп алып кеткен. Бала шешесіне екі сөз ғана жазып үлгеріпті: “мама, военк…”. Болды. Осыны жазып жатқанда телефонды қолынан жұлып алған. Шешесі алып ұрып военкоматқа барады. Базаға анықтама енгізілген десе, ол базада 10 күннен соң көрінеді депті! Бұл баланы оқып жатқан университеті эрасмус бағдарламасы арқылы үшінші елге оқуға жіберіп отыр. Арасында ата-анасын сағынып келгенде военкомдардың мына қылығын қалай түсінуге болады дейді […]



Жаңалықтар

