Келер жылдан бастап елімізде жасөспірім қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакциналау басталады. Аталмыш екпе әйелдер арасында ең жиі таралған онкологиялық аурулардың бірі – жатыр мойны ісігінен қорғауға көмектесетін бірден-бір тиімді амал болғалы отыр. Елімізде жыл сайын 1800-дей әйел жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықса, 600 шақты әйел осы дерттен көз жұмады. Ол әйелдер онкологиясында таралуы жағынан омырау