Бір күні жоғалып кеттім. Іздемеген жерім жоқ! Жоқпын! Айдың күні аманында, шаңқай түсте жоғалып кеткен деген жаман екен. Әйелімнен сұрадым: ‒ Мені көрген жоқсың ба? ‒ Көрген жоқпын. ‒ Қайда жүр екенмін, а? ‒ Білмедім, түсте үйден шығып кетіп едің. ‒ Полицияға хабар берсеңші? ‒ Жұмыс іздеп кеткен, келетін шығар? ‒ Үстіне не киіп кетіп […]