Жоғары соттың үш судьясы қызметінен кетті. Бұл туралы сенат отырысында хабарланды. Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп айтуынша, бұл судьялар басқа қызметке тағайындалып жатыр, сол себепті қазіргі лауазымын босатуы керек. Осы орайда парламент сенатының қарауына Асан Ескендіровті, Айгүл Қыдырбаеваны, Вячеслав Салийді жоғарғы сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді. Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.