Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде парақша ашып, белсеніп жүрген Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева оқырмандарына ескерту жасады деп жазады Democrat.kz. Отбасылық түрлі жағдайларын әр ракурстан түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуді бастаған Динара Майғазиева бұл жолы қарбыз турап, сонысын көрсете отырып, әлеуметтік желідегі жұмыстары туралы айтып берді. “Әлеуметтік желіде белсенді түрде жұмыс істеу қиын шаруа екен. Әсіресе әйелдерге парақшасын белсенді жүргізу оңай емес. Үйдің шаруасы, бала-шағаның жайы деген бар. Бәріне үлгеру қиын екен. Сондықтан әлеуметтік желіге шықпай қалсам, жоқ боп кетсем, ренжімеңіздер” деді Динара Майғазиева. Фото интернеттен. @dinara_maigaziyeva ♬ оригинальный звук – Динара Майгазиева
Жаңалықтар




























