Қалалық автобустардың бірінде түсірілген пранктің видеосы Қазнетте тарады. Ерекше пранк Белгісіз ер адам төсек-орнын көтеріп, қоғамдық көлікке кіреді, содан кейін еденге жатып алған. «Мені екі аялдамадан кейін оятып жіберіңдер. Шуламаңдар», – деген ол жолаушыларға күлкі мен жағымды эмоция сыйлады. Жолаушылар «ұйқыдағы адамды» әзілмен қолдады: біреу оған су ұсынса, енді бірі көрпе керек емес пе деп сұрады. Қазнет қалай қабылдады Видео әлеуметтік желіде тез тарап, мыңдаған адам көрді. Қолданушылар әзілді қабылдап, автордың креативіне түсіністік танытты. «Осы баланың пранктері өтімді», «Жарайсың, халықтың көңіл-күйін көтеріп жүр», «Бағыңа қарай автобус бос екен, әйтпесе бір теуіп тұрғызады ғой», «Бір күні күлкіден өлтіретін шығарсыңдар», «Қасына екіншісі […]
Жаңалықтар
































