Тарихта аты аңызға айналған тұлғалар аз емес. Алайда өмірі де, өлімі де ғасырлар бойы құпияға айналған тарихи кейіпкерлер санаулы ғана. Солардың бірі – Жошы хан. Ол – әлем тарихында із қалдырған Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы, Дешті Қыпшақ даласының билеушісі, кейін алып Алтын Ордаға негіз болған әулеттің