Профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің «Біздегі жазба мәдениетінің түп-тамыры халқымыздың өз жерінде пайда болды» деген сөзінде үлкен ақиқат жатыр. Расында, біздің арғы бабаларымыздан қалған руникалық жазу – Орхон-Енисей жазулары Түркі қағанаты дәуірінде Ұлы дала халықтарының өз әліпбиі жасап, жазу мәдениетін қалыптастырғанын көрсетеді. Өкініштісі сол, XX ғасырдың ортасына дейін «қазақтарда жазу болмаған, олар Қазан төңкерісіне дейін араб жазуын …