Жұмбақ жасырсам табасыз ба? Табан астындағыны таба алмайтын баласыз ба, байқап көріңіз, басыңызды ептеп шайқап көріңіз. Жұмбағым мынандай: оның ата-тегі «мынандай» деген сөзге мықты ұйқасады. Ал азан шақырып қойған аты кім? Атақты ақын-жазушы Сейфуллиннің, Жүнісовтің, Иманасовтың және «МұзАРТ» тобының әйгілі әншісі Майғазиевтің есімдерімен оның есімі егіз қозыдай ұқсас. Таптыңыз ба? Әпбәрекелді! Иә, ол – қаламының […]