Жұмыс іздеп, Дубайға кеткен Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрімнен жақындары екі аптадан бері хабар ала алмай отыр. Отандастарымыз Жаңа жылдың алдында белгісіз адамдардың айтуымен Таиландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерде алданып қалғанын жеткізген. Содан бері хабар ошар жоқ. Ата-аналары жанын шүберекке түйіп отыр. Исламбек Қазыбеков – Қарағанды облысы