2021 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздардың үлесі Алматы мен Шымкент қалалары, Түркістан облысында жоғары болған деп хабарлады turkystan.kz. Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі (республикалық мәннен жоғары) Алматы қаласында (5,2%), Түркістан облысында (5,1%) және Шымкент қаласында (5%) байқалған. Жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіштері Қарағанды облысында (4,5%) және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%) тіркелген. …