Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандарды қайта тапсыру тәртібі өзгерді. Үш рет сәтсіз тапсырғаннан кейін келесі әрекеттер ақылы болады. Ал теориялық емтиханда шпаргалка немесе электронды құрылғы қолданғандарға бір жылға дейін қайта тапсыруға шектеу қойылады. Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.