Динара Егеубаеваның көлігін өртеді және «El Media» редакциясына шабуыл жасады деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар 2005, 2006 және 2007 жылғы кәмелетке толмаған азаматтар. Күдіктілердің сөзіне сәйкес, олар екі тапсырысты да белгісіз адамнан интернет арқылы алған. Тапсырыс беруші келіскен ақшаны онлайн төлеген. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе шешілуде. Тергеу жалғасып жатыр.