Әлеуметтік желіде журналистерді «қолтырауынға» теңеген Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза, өзінің жазбасы үшін кешірім сұрады. Ол әзілінің орынсыз болғанын, алдағы уақытта мұндай жазбалар қалдырмайтынын айтты. Кеше Nat Geo Wild арнасынан қолтырауындар туралы бағдарлама көрдім. Қолтырауындар зебралар мен гнулардың көші басталғанда Мара өзенінің ең таяз жерінде күтіп отырады екен. Яғни қолтырауындар шөпқоректілердің өзеннің таяз жерін сезетінін біледі.