Елімізде журналистердің мәртебесін белгілейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы БАҚ басшыларымен кездесуінде айтты. Мәжіліске ұсынылуы жоспарланып отырған масс-медиа туралы заңның басым бағыты журналистердің статусын көтеруге бағытталған. Біріншіден, журналистерге әлеуметтік жағдай жасау көзделіп отыр. Бірақ, бұл журналистің сөз бостандығын шектемейді. Жеңілдетілген несие алуына, баспанамен қамтылуына мүмкіндік