Продюсер Алуа Конарова өзінің Facebook парақшасында ресейлік жұлдызға бойкот жариялауға шақырды. «Қазақстанның мәдени өмірі қыз-қыз қайнап жатыр. Мыңдаған аудиторияны жинайтын тек қана қазақстандық әртістердің қатысуымен көптеген іс-шаралар, опен-эйрлер өткізіліп жатыр. Екі мыңыншы жылдардың ортасында мұндай шаралар тек ресейлік әртістердің қатысуымен ғана өтетін. Димаштың Алматыдағы концерті барлық рекордтарды жаңартты, абсолютті солд-аут болды. Ресейлік әртістер бізде әрқашан