Жыл басталғалы әскерде 9 суицид жасау фактісі тіркелді. Толығырақ Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Биыл келісімшарт бойынша жұмыс істеген 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салды. Өкінішке қарай, одан бөлек 2 курсант суицид жасады.