Жыл басталғалы бері алғашқы үш айда еліміздегі қонақүйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.&