Ресейдегі компьютерлерде YouTube жүктеу жылдамдығы осы аптаның соңына дейін 40%-ға дейін, ал келесі аптаның соңына дейін 70%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат, ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Александр Хинштейн өзінің телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.