Күні кеше Еуразияны тұлпар тұяғының дүбірімен дүр сілкіндірген бабалардың даңқы сәйгүліктерімен қатар шыққаны ақиқат. Жылқы малын мінсе көлігі, жесе тамағы, ішсе сусыны, кисе киімі ретінде пайдаға асырған көшпенділерді жылқысыз елестету мүмкін емес еді. Тіршіліктің тірегі болған арғымақтар түр