Щучинск қаласында қауіпті оқиға тіркелді. Ашық жатқан құдыққа жылқы құлап, мерт болған. Бұл нысан қауіпсіз болуы тиіс еді, бірақ қараусыз қалғаны көрініп тұр. Ең сорақысы — жануардың өлексесі талапқа сай шығарылмаған. Куәгерлердің айтуынша, құдық жай ғана топырақпен көміліп кеткен. Яғни өлексе жер астында қалды, ал маңында су айдыны бар. Бұл жағдай санитарлық талаптардың өрескел бұзылғанын...