Фото: видеодан скрин Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Ғашықтар күніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Оның айтуынша, ер азаматтар жылы сөзді көбіне жұмыстағы қыздарға айтып, өз әйелдеріне жеткізе бермейді. Осыған байланысты депутат ерлерді ең алдымен жарына көңіл бөліп, құрмет көрсетуге шақырды. Сонымен қатар, ол бұл күнді өзі де атап өтетінін айтып, әйеліне...