Мың теңге мен он мыңдық теңге бір кісінің қалтасында «құшақтасып» жатты. Мың теңгенің етек жағы сәл жыртық еді. Он мың теңге су жаңа болатын, беті жылтырап, әлгі кісі ұстаған сайын сытырлайды. Олар қаншама ыңғайсызданғанымен, әлгі кісі екеуін бірге бүктеп, келесі қалтасына салып қойды. Ыстық сезім, ыстық махаббат одан сайын тасып, бір‒біріне ынтыға қарады. Бір кезде […]