Сіз бен біз күнделікті тұрмыста сауда-саттық пен өзге де шаруаларды онлайн аударымдар арқылы шешіп жүрсек те, қолма-қол ақша айналымнан алынған жоқ. Төлем жүйелері толықтай дерлік цифрға өтіп жатса да, қағаз ақша қолданыста бола беретін шығар. Сондықтан, теңге банкноталары да, шетелдік купюралар да қолдан-қолға өте бермек. Ал, қолда жүрген қағаз ақшаның бүлініп, болмаса, жыртылып, қиылып қалатын