Елімізде ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия саласына білікті мамандар қажет. Қазір 50-ден астам мамандық сұранысқа ие. Бірақ маман тапшы. 2025 жылы Enbek.kz порталында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған.