Бес парыздың бірін өтеуге биыл 4000 қазақстандық аттанған. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Jibek Joly телеарнасының «Еркін сұхбат» бадарламасына берген сұхбатында айтты. Өзім де, Алла қаласа, қажылыққа баруға ниет қылып отырмын. 18 туристік фирма осы іспен айналысып жатыр. Осы 4000 отандасымыздың қажылыққа аман барып, аман оралуын нәсіп етсін, деді ҚМДБ төрағасы.