Қымбатшылық жағадан алып тұр. Аш қалмау үшін халық бір-екі емес, тіпті үш-төрт жерде жұмыс істеуге мәжбүр. Қол қусырып отырған адамды көрмейсің. Ай сайынғы пәтерақы, ипотека, азық-түлік, жүріп-тұруың бар — қанша тапсаң да ай ортасында титықтап қаласың. Бұл қазір Қазақстанда әр отбасыда бар мәселе. Бір демалыста 12-ге дейін ұйықтап көрмеппіз Алматылық тұрғын Баян Хасанованың жазуынша, жолдасымен