Әлеуметтік желіде жаңаөзендік мұнайшыларды қаралу науқаны жүріп жатыр, деп жазды Masa media. Соңғы күндері әлеуметтік желіде Астанаға жұмыс талап етіп барған жаңаөзендік мұнайшыларды қаралайтын жазбалар легі көбейді. Түрлі салада жұмыс істейтін журналист, блогерлер мұнайшыларға бағыттап, мағынасы жағынан бір-біріне ұқсайтын жазбалар жариялады. Бұнымен қоса, желіде бұл посттардың тапсырыспен, 100-200 мың теңгеге жазылып жатқаны жөнінде де айтылды.