Президенттікке үміткерлердің әрқайсысында қанша қаражат бар және ол қаржы қайда жұмсалып жатыр? Бұл сұраққа Республика.kz телеграм арнасы жауап жазыпты. Ең ауқымды қаражат қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Оның бюджеті өткен жолғы есептен еш өзгерген жоқ – 1 млрд 620 млн теңге. Оның ішінде 720 млн теңгесі өз қалтасынан және кандидатты ұсынған қоғамдық бірлестіктің бюджетінен ұсынылды.