Канада парламенті екі жыл ішінде Қытайдың Шыңжаң аймағынан Канадаға 10 мың мұсылман ұйғыр босқындарын көшіру туралы міндетті емес ұсынысқа бірауыздан дауыс берді, деп жазады Reuters. Либералды парламент мүшесі Самир Зубери жасаған заң жобасы Канада үкіметін оны ұстануға міндеттемейді. Алайда премьер-министр Джастин Трюдо үкіметі парламенттің бірауыздан қолдауын ескере отырып, шаралар қабылдауы керек. Канада әрқашан қорғауды қажет