2023 жылғы 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Тұмышты Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатып, Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындады. Жарлықты Ақорда сайты жариялады. Мемлекет басшысының қаулысымен Тұмыш Қанат Қобыландыұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, делінген ресми хабарламада.