Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулыға түзету енгізді. Енді қандастарды қоныстандыратын өңірлер тізіміне Абай және Ұлытау облысы қосылды: Атап айтқанда: Ақмола облысы. Атырау облысы. Шығыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан облысы. Қостанай облысы. Павлодар облысы. Солтүстік Қазақстан облысы. Абай облысы. Ұлытау облысы. Қаулы 2023 жылғы 18 қаңтарда қабылданды.