ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берді. - Кейінгі күндері әлеуметтік желіде балағат сөздер үшін жауапкершілік күшейді деген сұрақтар көбейді. Қандай жағдайда балағат сөздер үшін айыппұл салынады? – Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген. Мысалы, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен