Биылдан бастап ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру шығындары мемлекет тарапынан төленеді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында Үкіметке «…студенттердің жекелеген әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттары үшін жатақханада тұру шығыстарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтауды» тапсырған болатын. Жаңа оқу жылы қарсаңында Президент