2022 жылы Қаңтар оқиғалары кезінде көлікке жауған оқтан өлген Айкөркем Мелдеханның әкесіне Алматыдағы айыппұл тұрағында тұрған Volkswagen Passat автокөлігі қайтарылды. Айдос Мелдехан көлікке оқ жаудырғандар ішіндегі адамдарды өлтіру пиғылымен атқанын айтады, өйткені оқ іздері дөңгелектерде емес, сорғышта, алдыңғы әйнекте, артқы есіктерде болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.