Желтоқсанда алдын ала хабарланбай, көзден таса мемориал ашылды. Жасырын ашылған ескерткіштің ашылу рәсіміне Тоқаев пен билікшіл БАҚ өкілдері ғана қатысты. «Тағзым» мемориалы Қанды Қаңтар құрбандарына арналған. Бірақ олардың тіпті аты-жөндері де тасқа қашалмаған. Асығыс салынған ескерткіштің сапасы да көңіл көншітпейді. Сондықтан ресми деректе көрсетілген 238 құрбанның есімдерін TKJ нұсқасында Тіл кеспек жоқ арнасы жазып шығыпты.